Подкаст – ашық RSS-арна арқылы интернетте таралатын аудио немесе бейне файлдар жинағы. Подкаст бір немесе бірнеше эпизодтардан құралады. Әдетте подкастты арнайы қосымшалар арқылы тыңдайды.
Подкастиң – аудио немесе бейне файлдар жинағын интернетте ашық RSS-арна арқылы тарату процесі, технология.
Подкаст RSS-арнасы деген подкаст туралы ақпарат жазылған XML-пішіміндегі файл.
Қазақстанда көбіне подкасттар әңгіме немесе сұхбат жанрында, бірақ одан да басқа түрлері кездеседі. Қазақстандық көптеген подкасттар мына жерде жиналған.
Менің «Қаңтар үнінен» басқа да подкасттарым бар:
- Саналы әке – Қазақ тіліндегі әкелерге арналған подкаст.
- Осознанный отец — «Саналы әке» подкастының орыс тіліндегі нұсқасы.
- QazPodcast – Қазақстан подкастиңін қорғап, оны таратуға арналған подкаст.
- Заттар сөйлейді. Бұл подкасттың басты кейіпкерлері – жансыз заттар. Әрбір эпизод олардың өмірінен сыр шертеді.
- Химкаст – Біз күнделікті өмірде кездесетін қауіпті химиялық заттар туралы подкаст.
- Время подкастинга — подкаст жасау туралы қысқаша аудиолекцияларым. Подкастерлермен подкаст бастағысы келетіндер үшін пайдалы болады.